Домой Қоғам Алматы Алматы облысында кәсіподақ ұйымдарының үздіктері анықталды

Алматы облысында кәсіподақ ұйымдарының үздіктері анықталды

Алматы облысында кәсіподақ ұйымдарының үздіктері анықталды

%d0%ba%d0%b0%d1%81%d0%b8%d0%bf%d0%be%d0%b4%d0%b0%d0%ba-%d0%b6%d0%b5%d0%bd%d0%b8%d0%bc%d0%bf%d0%b0%d0%b7%d1%8bЖуырда «Алматы облыстық жергілікті агроөнеркәсіп кешені және мемлекеттік қызметкерлер» қоғамдық бірлестігіндегі басқосуда осы ұжымның жетекшісі Тастан Тоқсейітов ел Тәуелсіздігінің ширек ғасырлық мерейтойына арналған «Кәсіп­одақтардағы 25 игілікті іс» атты байқаудың қорытындысын хабарлады.

Ең алдымен аталған бір­лестіктегі атқарылып жатқан жұмыстар туралы аз-кем тоқ­та­ла кетелік. Алматы және Ал­маты облысындағы 476 бас­тауыш ұйымды қосып отыр­ған бұл бірлестіктің құ­ра­мына 35 мыңға жуық кәсіп­одақ мүшелері топтасқан. Мұн­да агроөнеркәсіптік сала­ның адамдарымен бірге мем­л­екеттік мекемелер, ден­сау­лық пен білім беру қыз­ме­ті­нің өкіл­дері де бар. Аталған ұжым­ның басты мақсаты – еңбеккерлер құқығын заңдық негіздерге сай қорғау болып табылады.

Осыған орай жыл ішінде 476 ұжымдық шарт жасалған. Ол құжаттарда еңбеккерлерге әлеуметтік-тұрмыстық жағдай жасауға көңіл бөлінген. Жыл сайынғы қосымша еңбек де­ма­лысы, сырқаттанған жағ­дайда қызметкерлерге қо­сым­ша ақы төлеу, балалар сауық­тыру лагерьлеріне жолдама беріп отыру, қайырымдылық көмекке зәру жандар мен зей­нет­керлерге жәрдемдесу, жұ­мыс беруші кәсіпорындағы жұмысшы орнының тұрақты болуына кепілдік беру секілді жайлар назарда ұсталған.

Қарасай, Көксу, Сарқан, Ақсу, Еңбекшіқазақ, Жамбыл аудандарындағы кәсіподақ ұйым­дарында оң өзгерістер үнемі байқалып келеді. Мұн­дағы кәсіподақ мүшелері «Са­ры­ағаш», «Көктем», «Жаңа­қорған», «Жаркент-Арасан», «Меркі», «Керімағаш» шипа­жайларында көптеп демалған. Тұрмысы төмен отбасылардың балаларына «Жас құрылысшы» сауықтыру лагеріне жолдама берілген. «Мектепке жол» ак­циясы бойынша бірқатар оқу­шылар құрал-жабдық, оқулық­тармен қамтамасыз етілген.

– Сондай-ақ, бастауыш кә­сіп­одақ ұйымдары арасында волейбол, баскетбол, арм­рест­лингтен жарыстар өткізілді. «Ән – 2016» және мемлекеттік тілге арналған мазмұнды бай­қаулар ұйымдастырылды. Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне көңіл бөлініп, оларға ерекше құрмет көрсетілді, – деді Тас­тан Тоқсейітов.

Алдағы уақытта да бір­лестік жұмыстарын ширату одан әрі нығая бермек. Кәсіп­одақ ұйымдары жетекшілерінің жанды кездесулерін өткізу жоспарланып отыр. Семи­нар­лар мен пікір алмасулар жолға қойылады. Жаңа міндеттер белгіленді.

Қоғамдық бірлестіктің тө­р­а­ғасы «Кәсіподақтардағы 25 игілікті іс» байқауында озып шыққан үздіктердің есімдерін атады. Аудандық кәсіподақтар бойынша: бірінші орын – Қара­сай аудандық кәсіподағының төрағасы Сағындық Жыл­қы­баевқа, екінші орын – Сарқан аудандық кәсіподақ ұйымының төрайымы Гүлнар Мұқановаға, үшінші орын – Ақсу аудандық кәсіподақ ұйымының төра­йы­мы Бақыт Құрманғалиеваға берілді.

Бастауыш кәсіподақ ұйым­дары бойынша да үздіктер анықталды. Олардың ішінде бірінші орынды Қазақ ұлттық аграрлық университетінің кә­сіп­одақ ұйымының төрағасы Әшірәлі Сманов, екінші орын­ды Қазақ ветеринария ғылыми зерттеу институты кәсіподақ ұйымының төрайымы Сал­танат Мамановаға, үшінші орын Қазақ мал шаруа­шы­лы­ғы және жемшөп өндіру ғы­лы­ми зерттеу инс­ти­ту­ты­ның кә­сіп­одақ ұйымының төрағасы Михаил Тама­ровскийге та­быс­талды.

Қоғамдық бірлестік төра­ға­сының орынбасары Рая Ыды­ралиева жүлдегерлерді ар­найы дипломдармен мара­паттап, бағалы сыйлықтар табыс етті.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here