Алты қызға — он аяқ

Алты қызға — он аяқ
©jr0d7771/Reddit

 Reddit әлеуметтік жаңалықтар желісінің қолданушылары ай сайын деуге келетін жиілікпен жұмбақ фотолар жариялап, желідегі әлеуметтің басын қатырып тұрады. Соңғы айларда қолданушыларды кәдімгідей пұшайман қылған фотожұмбақтарға үңілсек.

Үш аяқты қыз

AMassiveTRexHoldingaBaby атты қолданушы «минут бойы бажайлап қарап отырып, әрең түсіндім» деп, төмендегі фотоны жариялаған:

©AMassiveTRexHoldingaBaby
© AMassiveTRexHoldingaBaby /imgur

«Үш аяқты қыздың» жұмбағы желі қолданушыларын біраз әуреге салған. Қызығы, көптеген қолданушылар фотоның құпиясы жария болғаннан кейін де бәрібір түк түсінбейтінін айтқан:

© AMassiveTRexHoldingaBaby /imgur
© AMassiveTRexHoldingaBaby /imgur

Сөйтіп, кейбіреулерге ақыры — құмыраның құмыра екенін дәлелдеудің өзі мұң болған.

Алты қызға — он аяқ

Ал jr0d7771 атты қолданушы диванда ортада отырған қыздың аяғын «тауып беруді» сұраған:

©jr0d7771/Reddit
©jr0d7771/Reddit

Мұнда да, «әп!» дегеннен шешемін деп ойлаған қолдануышлар ақыры миы ашып, жөнді-жөнсіз әзілге көшкен. Дегенмен мыңның ішінен Fallthrough деген біреу шығып, аяқтар мен олардың иелерін тәптіштеп сызып, «жұмбақтың» шешімін тапқан:

©jr0d7771 / Reddit
©jr0d7771 / Reddit

Зырылдаған шарлар

©indy100com
©indy100com

Ал мына сурет күрделілеу. Бір қарағанда — қара шеңбердің ішінде ақ дөңгелектер — сағаттың тілінің бағытымен айналып жатқан сияқты.
Шын мәнінде ақ шарлар бар болғаны — қара шеңбердің диаметрі болатын түзулердің бойымен жоғары-төмен сырғанап қана тұр дейді қырағылар.

Дайындаған: jas.kz

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here