Үтір

Үтір
Үтір ©skilledup.com - 17 01 2017 - 21:06

ҮТІР

Үтір ©skilledup.com - 17 01 2017 - 21:06
Үтір ©skilledup.com — 17 01 2017 — 21:06

§ 1. Үтірмен сөйлемдегі қаратпа сөздер, қаратпа сөз тізбектері бөлінеді.

Нақтылы біреуге арналмаған, жалпылық-белгісіздік мағынасы бар сөздер мен сөз тізбектері де үтірмен бөлінеді.

§ 2. Сөйлемдегі қыстырма сөздер, сөз тізбектері және сөйлемдер үтірмен бөлінеді.

§ 3. Үтірмен сөйлемдегі одағайлар бөлінеді.

§ 4. Бәсе, жә, қош, құп, жарайды, мақұл, дұрыс сияқты сөздер үтірмен бөлінеді.

§ 5. Сөйлемдегі иә, жоқ, мә, мәңіз деген сөздер үтірмен бөлінеді.

§ 6. Үтір сөйлемнің бірыңғай мүшелерінің арасына қойылады.

§ 7. Сөйлемдегі оңашаланған айқындауыш мүшелер үтірмен бөлінеді.

§ 8. Сияқты, ретінде, қатар, емес, түгіл деген сөздермен келген және -дай, -дей, -тай, -тейжұрнақтары қосылған тізбектер де үтірге алынады.

§ 9. Қарамастан, қоспағанда, есептегенде деген сөздерге аяқталатын сөз тізбектері үтірмен ажыратылады.

§ 10. Үтір құрмаласқа енген жай сөйлемдердің арасына қойылады.

§ 11. Екіге бөлінген төл сөздің алғашқы бөлігі хабарлы сөйлем немесе сөйлемнің бір бөлігі болса, одан кейін үтір (және сызықша) қойылады.

Екіге бөлінген төл сөздің алғашқы бөлігі өз алдына сөйлем болмай, оған үтір қойылған болса, екінші бөлігінің алдынан да үтір қойылады.

§ 12. Бірнеше сөзден құралған күрделі қос сөздердің арасына үтір қойылады.

§ 13. Бірдей немесе әр келкі тұлғада қайталап келетін жеке сөздер мен тіркестердің араларына үтір қойылады.

§ 14. Ол – ол ма, бұл – бұл ма, ол – ол болсын деген тіркестер сөйлем ішіндегі басқа сөздерден үтірмен бөлінеді.

Рәбиға Сыздық. Қазақ тілінің анықтағышы (емле, тыныс белгілері, сөз сазы). Астана: Елорда, 2000, — 532 б. ISBN: 9965-06-023-1

Дереккөз: emle.kz

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here