Домой Жаңалықтар Спорт Галатасарай Астанада бөлек аяқкиіммен ойнайды

Галатасарай Астанада бөлек аяқкиіммен ойнайды

0
Галатасарай Астанада бөлек аяқкиіммен ойнайды

Астана - Галатасарай

Түркияның «Бүгін» (Bugün) газетінің хабарлауынша сәрсенбі күні Астанамен ойнайтын Галатасарай Қазақстанға бүгін түсте ұшады. 2 күн бұрын келіп, Астанадағы қазіргі салқын ауа-райына және 3 сағаттық уақыт айырмашылығына алдын ала үйренбекші. Бас бапкер Хамза Хамзаоғлының тағы бір қорқатын нәрсесі — Астана-Аренадағы жасанды шөп. Мұндай алаңда ойнау үшін футболшылар арнайы аяқкиіммен шығатын болыпты. Сондай-ақ жоспарланған 1 жаттығудың орнына Астана-Аренада Галатасарай 2 жаттығу өткізетін болды. Өйткені осылайша жасанды шөп төселген алаңға футболшылардың аяқтары үйренуі тиіс екен.

Естеріңізге сала кетейік, УЕФА Чемпиондар Лигасындағы Астана — Галатасарай матчы 30 қыркүйек, сәрсенбі күні 22:00-де басталады.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here