30 қыркүйек күні Астана қаласында «Қалдырған ізің мәңгілік» атты Еңбек және Мұғалімдер күндеріне арналған мерекелік кеш өтеді.
Мерекелік салтанатқа еңбек ардагерлері, білім және ғылым саласындағы еңбек династияларының өкілдері, салалық кәсіподақтың облыстық, аумақтық ұйымдарының басшылары, облыстық білім басқармаларының басшылары, Жоғары оқу орындарының өкілдері, республикамыздың қоғам қайраткерлері қатысады.
Шара бағдарламасында Еңбек және Мұғалімдер күндеріне арналған бейнефильмді көрсету, еңбек династияларының өкілдерін, мұғалімдерді, еңбек ардагерлерін, жас мамандарды – білім саласын дамыту мен нығайтуға зор үлес қосқан кәсіпқойларды құттықтау қарастырылған.
Республика бойынша барлық білім беретін ұйымдар мен мекемелерде Еңбек және Мұғалімдер күндеріне арналған мерекелік шаралар өткізіледі. Салтанатты жиындарда білім беруді дамыту мен нығайтуға зор үлес қосқан мұғалімдерді, педагогтарды және еңбек ардагерлерін құттықтайды. Сала қызметкерлерінің үздік өкілдері ҚР білім және ғылым Министрлігінің, сала Кәсіподағының Құрмет атақтары және наградаларымен марапатталады.