Бүгін құжатты мәжілісмендер бірінші оқылымда мақұлдады. Бұл туралы ұсыныс былтыр түскен екен. Себебі Қазақстан «Қайырымдылық» туралы тиісті заңнамасы жоқ жалғыз ел болған. Сәйкесінше, отандастарымыздың небәрі бір-ақ пайызы ғана тұрақты түрде қайырымдылықпен айналасып келеді екен.
«Ештен кеш жақсы» демекші, былтырғы жылдың мамырында депутаттар осы мәселені қарастырып, заң жобасын ұсынған екен. Бір жыл ішінде кәсіпкерлер, депутаттар, қолы ашық жандар тарапынан 100-ден астам ұсыныстар беріліп, бұл заң жобасы жан-жақты сарапталып, бүгін мәжіліске жетіп отыр.