Домой Жаңалықтар Қоғам Қазақстан Парсы шығанағы бағытында халықаралық дәліз құрды

Қазақстан Парсы шығанағы бағытында халықаралық дәліз құрды

Қазақстан Парсы шығанағы бағытында халықаралық дәліз құрды

144826Өндірісті көтеріп, тасымал көлемін арттыруды ынталандыру мақсатында 2015 жылы ірі отандық өндірушілерге қазақстандық өнімді тасымалдау кезінде жеңілдетілген теміржол тарифі белгіленді. Транзитті жүктерді тасымалдауға қатысты икемді тариф саясаты биылғы тасымал көлемін сақтауға және транзитті контейнерлік тасымал көлемін арттыруға мүмкіндік береді.

Анықтама: Қытайдан Еуропаға транзиттік контейнерлік тасымал көлемі 2015 жылдың 7 айында 19 649 контейнер болды, бұл 2014 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3 есеге көп (6 878 контейнер). Мемлекет басшысының «100 нақты қадам» жоспарына сәйкес, Еуразиялық трансқұрлықтық дәлізді дамыту үшін әзірленген ҚР Теміржол жолаушылар көлігі мәселелері бойынша заң жобасының аясында мемлекеттік тарифтік реттеуді контейнерлік тасымалдан алып тастау қарастырылған.

Мультимодальды көліктік дәліз бойынша заңнамалық шаралардан басқа, теміржол инфрақұрылымын дамыту бойынша үлкен жұмыстар атқарылып жатыр. Бұл бағыттық жүйелерді оңтайландыруға және теміржолдың кейбір учаскелерінде шамадан тыс жүк тасымалын болдырмау үшін қолға алынды. Соңғы 5 жылда ҚР теміржол инфрақұрылымына 722,3 млрд. теңге жұмсалды (РБ – 315 млрд. тг, ҰҚ – 275,1 млрд. тг, ҚТЖ – 132,2 млрд. тг) 1703 шақырым жол (жалпы теміржол жүйесінің 12%) мен Қытаймен шекарада (Алтынкөл) және Түркіменстанмен шекарада (Болашақ) екі өткізу бекеті салынды.

Анықтама: Жаңа теміржол бағыты (Жезқазған-Бейнеу, Арқалық-Шұбаркөл) орталық аймақтар мен батыс облыстардың арасындағы қашықтықты 1 мың км, ал солтүстік облыстарды 500 шақырымға қысқартты. Сондай-ақ, аталған бағыттарда көлік шығынын 25 -тен 35% азайтуға мүмкіндік берді.

Еліміздің батысынан Түркіменстан мен Иран арқылы Парсы шығанағына (Өзен-Болашақ) және Қытайға шығатын (Жетіген-Қорғас) қосымша жаңа халықаралық бағыттың ашылуы Қазақстанның транзиттік әлеуетін арттырды. Аталған шекара өткелдері арқылы 5 млн. тоннадан астам жүк тасымалданды.

Сонымен бірге Алматы станциясын айналып өтетін ұзындығы 74,7 шақырымдық теміржол желісі құрылысының жобасын концессиялық негізде салу мәселелері пысықталып жатыр.

mid.gov.kz

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here