Иранның футболдан әйелдер ұлттық құрамасының сегіз ойыншысы ер адамдар болып шықты, олар жынысын ауыстыруға операцияны күтіп отыр, — деп хабарлады Daily Mail ирандық ақпарат құралдарына сілтеме жасап.
Ер адамдар әйелдер құрамасы атынан Иран чемпионатына қатысып үлгерген. Бұл шындық спортшылар гендерлік тесттен өтпей қалғаннан кейін әшкере болды. Осы дауға байланысты Иранның футбол саласындағы шенеуніктері елдегі барлық ұлттық команда ойыншылары мен Иран чемпионатының үздік футболшыларының жынысын тексеруді міндеттеді.
Мұндай жағдай Иран футболында алғаш рет болып тұрған жоқ. 2010 және 2014 жылдары әйелдер құрамасының бірнеше ойыншысы гендерлік тесттен өте алмай, ойыннан уақытша шеттетілген болатын.