Домой Жаңалықтар Мәдениет «Мәңгілік ел» деген атаумен телеарна құруды ұсынды

«Мәңгілік ел» деген атаумен телеарна құруды ұсынды

«Мәңгілік ел» деген атаумен телеарна құруды ұсынды

"Мәңгілік ел" деген атаумен телеарна құруды ұсынды.Бүгін Астанада өткен республикалық патриоттар форумында Парламент Мәжілісінің депутаты Қуаныш Сұлтанов «Мәңгілік ел» деген атаумен телеарна құруды ұсынды. Оның айтуынша, отандық нарықта пайда болатын жаңа телеарна ұлттық мәдениетімізді өркендетуге жол ашады.

Айта кетейік, форумға еліміздің барлық өңірлерінен 2 мыңнан астам делегат қатысты. Солардың ішінде өз мамандықтарының үздік өкілдері: дәрігерлер, мұғалімдер, өнеркәсіп жұмысшылары, ауылшаруашылығы қызметкерлері, табысты кәсіпкерлер, ғалымдар, қоғам қайраткерлері, даңқты спортшылар мен мәдениет қайраткерлері бар.

Биылғы форум Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясына арналып отыр. Соның аясында «Жыл патриоты» атты байқаудың қорытындысы шығарылды. Байқауда ерлік көрсеткен, сондай-ақ Отанға деген сүйіспеншілігін күнделікті еңбегі және нақты істерімен дәлелдей білген қазақстандықтар 7 аталым бойынша марапатталады. Мәселен таяуда ғана ғарыш әлемін бағындырып, ел мерейін асқақтатқан Айдын Айымбетов «Менің елім» аталымына ие болды. Ал КСРО халық әртісі, бұлбұл үнді Бибігүл Төлегенова «Биік руханият» иесі атанды. Бұл тізімде кәсіпқой бокстан әлем чемпионы Геннадий Головкиннің анасы Элизавета Головкина да бар. Ол «Ана жүрегі» аталымы бойынша марапатталды.

Сондай-ақ өндірісте өз істерімен көзге түскен Сергей Вишняк, Айбек Бектұрғанов және Ерлан Алин марапатталды. Суға батқан екі сыныптасын құтқарып қалған Никита Тюкин де лауреат атанды.

24.kz

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here