Бүгін Талдықорған қаласында Қазақстан Республикасы Азаматтық қорғаныс қызметінің 20 жылдық мерейтойына арналған салтанатты шара өтті.
Жиынға Алматы облысының Төтенше жағдайлар құрылуы басында тұрған Төтенше жағдай ардагерлері, құтқарушылар, өрт сөндіру горнизондарының жауынгерлері және аумақтық бөлімшенің жеке құрамы, облыстың ҚР ІММ ТЖК-нің облыс аумағында орналасқан құтқару бөлімшелерінің қызметкерлері мен төтенше жағдайлардың алдын алу және жою шараларына тікелей атсалысқан басқа да ұйымдардың өкілдері қатысты.
Іс-шара Қазақстан Республикасының Әнұранын орындаумен және Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметі жағдайына арналған деректі фильмнің көрсетілуімен басталды.
19 қазан — Құтқарушылар күні қарсаңында өткізіліп жатқан шараға қатысушыларды Алматы облысы әкімінің орынбасары Ғалымжан Әбдірайымов өңір басшысы Амандық Баталовтың атынан құттықтап, төтенше жағдайлар мемлекеттік жүйесін құруға және нығайтуға үлес қосқан азаматтарға медальдар мен алғыс хаттар табыс етті.
Сонымен қатар, бұл күні кәсіби мереке қарсаңында өткізілген спорттық жарыстарға қатысқан қызметкерлер де диплом, кубок және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Айнұр МАРАТ, Асқар АБАЙҰЛЫ (ФОТО)