Израиль орталығында орналасқан Нұрсұлтан Назарбаев атындағы тоғайда жаңа ағаштар отырғызылды.
Саябақ 2000 жылдың сәуірінде Елбасының ресми сапары кезінде ашылған. Ол – Президенттің екі ел арасындағы байланысты нығайтуға қосқан үлесінің белгісі. 2,5 мың гектар жерге мыңға жуық ағаш егілген. Биыл Израильде орман өрттері көп болғандықтан, Еврей ұлттық қоры Қазақстан елшілігімен бірге осындай шара ұйымдастырып, сенбілік өткізді.
Игаль Ясинов, «Керен Каемет ле-Исраэль» Еврей ұлттық қорының өкілі:
— Бізде тек Нұрсұлтан Назарбаев атындағы орман ғана бар. Басқа президенттерге мұндай құрмет көрсетілген жоқ. Осы саябақ туристердің сүйікті жеріне айналады деген үміттеміз.