Домой Жаңалықтар Қоғам Талдықорған қаласында «Балапан» бағдарламасының аясында екі балабақша ашылды

Талдықорған қаласында «Балапан» бағдарламасының аясында екі балабақша ашылды

Талдықорған қаласында «Балапан» бағдарламасының аясында екі балабақша ашылды

Талдықорған қаласында «Балапан» бағдарламасының аясында екі балабақша ашылдыБүгін Алматы облысының әкімі Амандық Баталов қаланың «Солтүстік-Батыс» тұрғын ауданына орналасқан «Айгөлек» балабақшасы мен «Шығыс» шағын ауданында салынып, пайдаланылуға берілген «Айбөбек» балабақшасын ресми түрде ашты.

Талдықорған қаласында «Балапан» бағдарламасының аясында екі балабақша ашылды

Балабақша ұрпақ үшін білімнің бастауы, ұлттық тәрбиенің қайнар бұлағы болуы тиіс екендігін айтқан өңір басшысы:

—        Дана халқымыз «Тәрбие – тал бесіктен» деп бекер айтпаған. Бұл тұрғыда мемлекетіміз байыпты бағдар, берік саясатты ұстануда. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Жолдауында «Бүлдіршіндер 2020 жылға қарай мектепке дейін білім берумен толық қамтылуы тиіс» деп нақты міндеттер жүктеді. Қабылданған шаралардың нәтижесінде бүгінгі күні облыста барлығы 769 мектепке дейінгі мекеме жұмыс жасайды. «Балапан» бағдарламасы бойынша мектепке дейінгі тәрбиемен және біліммен 53 982 бала қамтылып отыр, — деп, заман талабына сай жабдықталған жаңа балабақшаларда әр бала тәлімді тәрбие алып, саналы азамат болып өсетіндігіне сенімін білдірді.

12118612_165207583830862_8601020375940730528_n

Айта кетейік, облыс орталығындағы 320 орынға арналған «Айбөбек» балабақшасының құрылысы 2014 жылдың маусым айында басталған. Құрылыс жұмыстарына бюджеттен 695,6 млн теңге бөлінген. Жалпы ауданы 3984,4 шаршы метр болатын осы балабақша ғимараты 2 қабаттан және жер асты қабаты мен 5 арнайы блоктан тұрады. Ғимаратта бүлдіршіндердің ойнап-тынығатын бөлмелерінен бөлек, асхана, киім  ауыстыру, медициналық көмек көрсету, киім жуу, гимнастика және ән-күймен шұғылдану бөлмелері, балабақша меңгерушісі, әдіскерлер мен мұғалімдер кабинеттері және тәрбиеленушілерді тынықтыру мен сергіту мақсатында арнайы декоративті сәндендірілген субұрқақ орнатылған. Ал Солтүстік-Батыс тұрғын ауданындағы 280 орындық №15 «Айгөлек» балабақшасының құрылысы да өткен жылдың маусым айында басталған. Оның құрылысына бюджеттен 637,6 млн теңге бөлінген.

12140705_165208133830807_7736713906505718681_n

Жалпы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың мектепке дейінгі тәрбиемен қамту туралы тапсырмасын орындау мақсатында облыста биылғы жылдың соңына дейін 92 балабақша және 17 шағын орталық ашу жоспарланған.

 А.МАРАТ, Ж.МҰСАБЕКОВ (ФОТО)

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here