Шоколадтан жасалған көйлектер көрсетілімі өтті.
Сәнге киетін көйлектерді жеуге де болады. Жеуге болатын себебі – олардың барлығы шоколадтан жасалған.
Лондонда өткен көздің жауын алатын әрі тіл үйірер шараны Ұлыбританиядағы озық шоколад өнімдерін жасаушылар мен дизайнерлер бірлесіп қолға алған. Көрсетілімге қатысқан сәнқойлар бұл киімдерді асқан ұқыптылықпен киіп, ерекше сақтықпен қозғалады.
Наоми Эссер, сән үлгілерін көрсетуші:
— Шоколадтан жасалған көйлекті бұрын-соңды киіп көрмеп едім. Сондықтан бұл мен үшін жаңа тәжірибе. Бойыма керемет тұрады. Әсіресе иісі керемет.