Домой Жаңалықтар Мәдениет Халықаралық әдеби фестивалі өтеді

Халықаралық әдеби фестивалі өтеді

Халықаралық әдеби фестивалі өтеді

Халықаралық әдеби фестивалі өтеді29 қазан мен 1 қараша аралығында Алматыда «Полифония» халықаралық әдеби фестивалі өтеді, деп хабарлайды қалалық мәдениет басқармасынан.

Төрт күндік әдеби құрылтайдың басты ұраны — «Тыңдау. Оқу. Түсіну». Фестиваль оқырман қауымына, авторлар, аудармашылар мен баспагерлерге арналған.

Екінші халықаралық «Полифония» әдеби фестивалі былтырғы құрылтайдың түрлі бағыттағы және көптілді әдебиетінің дәстүрлерін жалғастырады: өткен жылы Алматыға бірдей емес тілде ойлайтын, сөйлейтін, жазатын, бірақ әдебиет пен мәдени диалог арқылы ортақ тіл таба алатын Жапония, Үндістан, Ресей, Өзбекстан, Латвия, Италия мен Беларусь елдерінен қонақтар келді.

2015 жылғы «Полифония» шеңберінде өтетін дәрістер, шеберлік сыныптары, дөңгелек үстелдер, музыкалық-поэтикалық кештер мен конкурстар кез келген жастағытоптарды қамтуға бағытталған. Фестиваль шаралары үш негізгі бағытта жүргізілетін болады:
— мәдени-көпшілік — әдеби кештерде алматылықтар мен оңтүстік астананың қонақтары қазақстандық авторларды ғана емес, шетелдік қонақтарды да тыңдай алады, жазушылармен тілдесу мүмкіндігіне ие болады;
— ғылыми-көпшілік — қазақстандық, шетелдік филологтардың, жазушылардың дәрістері, дөңгелек үстелдері мен шеберлік сыныптары тек кәсіби қалам қайраткерлері үшін емес, сонымен қатар бүкіл әдебиетсүйер қауым үшін қызықты болады;
— отбасылық — балалар мен олардың әке-шешелеріне арналған балалар әдеби конкурсы, балалар қаламгерлерімен кездесулер, жазушылық шеберлікке, кітаптарды безендіруге үйрететін семинарлар өтеді.

Фестивальдің мақсаты — кітап оқуды насихаттау, қазақстандық әдебиет пен баспагерлік істі дамыту, сапалы әдеби ортаны құру. Бұл міндеттерді орындау үшін Қазақстанда тұратын халықтар мен ТМД шеңберіндегі әдебиеттер арасындағы мәдени-әдеби дәстүрлер алмасуын нығайту, әлемдік әдеби кеңістікке шығу қажет. «Полифония» фестивалі осыған мүмкіндік туғызады.

Биыл фестиваль қонақтары ретінде Польшадан Януш Леон Вишневский; Ресейден Денис Осокин, Леонид Бахнов, Валерий Воскобойников, Андрей Усачев; АҚШ-тан Бақыт Кенжеев, Мишель Чан Браун; Өзбекстаннан Евгений Абдуллаев; Финляндиядан Юкка Маллинен; Қырғызстаннан Вячеслав Шаповалов, Алексей Торк; Италиядан Эрика Леони шақырылды.

inform.kz

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here