Малды қолдан ұрықтандыру — сапалы өнім келілі. Ет пен жүннің сапасы ғана көтеріліп қана қоймайды. Бастысы мал барлық жұқпалы аурудан арылады. Сондықтан, ауылдағы бар малды қолдан ұрықтандырған жөн. Бұл туралы Кербұлақ ауданында қой шаруашылығын дамыту жайында өткен семинарда айтылды. Басқосуған облыстың 8 ауданынан 60- қа тарта ауылшаруашылық мамандары, мал дәрігерлері және шаруа қожалығының басшылары қатысты. Кербұлақ ауданындағы «Мерей» шаруа қожалығы 2000-шы жылдары құрылған. Бас кезіндегі 500 ге тарта меринос тұқымды қойы болатын.2007-жылдан бастап қожалық қой шаруашылығы ғылыми — зерттеу институтымен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеді. Малды асылдандырды. Қазір шаруашылық тек қана асыл тұқымды етті меринос қойын өсіреді. 6 айлық тоқтыларының өзі 40-45 келі тартады. Жүнінің салмағы 4-5 келіден айналады. Бүгінде тек аналық саулықтың өзі 900 бастан асқан. Осы жетістіктің барлығы қолдан ұрықтандырудың нәтижесі, дейді шаруашылық басшысы.
Қайсар Рахатов, «Мерей» шаруа қожалығының басшысы:
— Қолдан ұрықтандыру мал ішінде жиі кездесетін ауруды болдырмайды. Әсіресе, қойда болатын аурулардың 100 пайыз жолын кеседі деп айта аламын. Мал басы асылданады. Төлдету науқаны да өз кезеңімен өтеді. Осының барлығы қолдан ұрықтандырғанның пайдасы. Мен бәріне айтар еді мал ұстаған ағайынға біз осы әдіске көшуіміз керек. Сонда қоладғы бар малыңыздан сапалы өнім аласыз.
Ауылшаруашылық жиынының дәл «Мерей» қожалығында өтуі де тегін емес. Шаруашылық Кербұлақ ауданында қолдан ұрықтандыруды алғаш болып бастаған. Басқосуда ғалымдар, мал дәрігерлері, қой өсіретін шарушылық иелері болып, осы мәселе жөнінде ой бөлісіп, пікір алмасты. Егер қолдан ұрықтандырумен жүйелі түрде айналысқан жағдайда сапалы өнім алуға болатынына көз жеткізді.