Домой Жаңалықтар Қоғам Жаңа жылдан бастап ЖОО-да «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері» пәні оқытылады

Жаңа жылдан бастап ЖОО-да «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері» пәні оқытылады

Жаңа жылдан бастап ЖОО-да «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері» пәні оқытылады

Жаңа жылдан бастап ЖОО-да «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері» пәні оқытыладыБүгін Астанада «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері» оқу құралын талқылау мақсатында дөңгелек үстел өтті. Жиынға қатысқан ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының оқу жұмысы жөніндегі вице ректоры Әлия Мұхамеджанова жаңа жылдан бастап елдегі барлық ЖОО-да «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері» пәні оқытылатынын айтты.

-«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері» оқу құралын жазып шықтық. Ол жаңа жылдан бастап, яғни,осы оқу жылының екінші семестрінен бастап еліміздегі барлық жоғары оқу орындарында оқтылатын болады. Қазір оқу құралы дайын. Республикада 125 оқу орны болса, біз кем дегенде 125 данамен жарыққа шығарамыз оны. Алғашқы бөлімі еліміздегі сыбайлас жемқорлықтың тарихынан бастау алады. Бірінші бөлім соған арналған. Бұл пәнді енгізудегі басты мақсатымыз — жастардың бойына сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру. Біздің ойымызша, жемқорлыққа ешқандай заң тоқтау салып, түпкілікті жойып жібере алмайды. Сондықтан жастарды университет қабырғасынан бастап тәрбиелеуіміз қажет, — деді Ә.Мұхамеджанова.

Оның айтуынша, бұл пәнді тек заңгерлер ғана емес, барлық мамандықтың студенттері оқитын болады. Ал, қай курстан бастап оқытылатынын университет басшылығы шешеді деді ол.

Айта кетейік, аталмыш шараға ҚР Мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл агенттiгi, ҚР Президентi жанындағы Мемлекеттiк басқару академиясы, Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң өкiлдерi мен Қазақстанның жетекшi 25 Жоғары оқу орнының оқытушылары қатысуда. Олар дөңгелек үстел барысында жоғары және ЖОО-дан кейiнгi бiлiм беру жүйесiндегi сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласында бiлiм беру мәселелерiн талқылап, жемқорлыққа қарсы көзқарастың маңызды аспектiлерiн қарастырады.

baq.kz

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here