ТМД аумағында теңдесі жоқ жедел жәрдем ұшағы Қазақстанға жеткізілді. Енді дерті уақыт күттірмейтін науқастарды еліміздің және әлемнің кез келген аймағына тез жеткізуге болады.
Коммерциялық жоба Қазақстанның медициналық туризм қауымдастығының мұрындық болуымен жүзеге асырылды. Learjet 45 маркалы ұшақтың бортындағы барлық медициналық құрылғы еуропалық стандарттарға сай. Әуе кемесіндегі ауа қысымы да арнайы аппараттар арқылы реттеледі. Сондықтан тыныс мүшелері зақымданған науқастарды алыс жолға тасымалдауға мүмкіндік бар. Бұған дейін ауыр дертке шалдыққан отандастарымызды шетелге жеткізуге немесе шетелдегі науқастарды елге әкелуге бір реттік рейстер жалданатын. Бұл өз кезегінде жол шығынын екі-үш есе арттырады. Енді қаражатты үнемдей отырып, шұғыл көмекке зәру азаматтарға сапалы қызмет көрсетудің жолы бар.