Домой Жаңалықтар Мәдениет Орда — Анадолыда өнер көрсететін болады (Видео)

Орда — Анадолыда өнер көрсететін болады (Видео)

0
Орда — Анадолыда өнер көрсететін болады (Видео)
Орда - Анадолыда өнер көрсететін болады
Орда — жеңімпаз!


Кеше Астана қаласындағы Бейбітшілік және келісім сарайында Turkvizyon-2015 ұлттық байқауының іріктеу кезеңі өтті. Стамбулда өтетін барша түрік баласының ән сайысында «Орда» тобы өнер көрсететін болды.

Іріктеу кезеңіне өткен 19 үміткердің 18-і өз өнерлерін ортаға салды. «Turkvizyon» байқауының шарты бойынша додаға еш жерде жарық көрмеген жаңа түркітілді әндер қатыса алады.

Еліміздегі бірқатар танымал әншілер мен жаңадан танылып келе жатқан әншілер Астана аспанын әнмен көмкерді. Үздік шыққан «Орда» тобы Стамбулға жолдаманы иеленді.

Өнерпаздардың өнеріне баға берген қазылар алқасы құрамында Астана қаласы мәдениет басқармасы басшысы Болат Мажағұлов, былтыр өткен дәл осы байқаудың жеңімпазы Жанар Дұғалова, «Гүлдер» ансамблінің басшысы, композитор Арман Дүйсенов, белгілі музыкант Ренат Гайсин, ақын Қалқаман Сарин және «Хабар» арнасының Бас продюсері Ринат Думанұлы болды.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here