Домой Жаңалықтар Қоғам А. Баталов: «Сапа мен қауіпсіздік әрқашан бірінші орында тұруы тиіс»

А. Баталов: «Сапа мен қауіпсіздік әрқашан бірінші орында тұруы тиіс»

А. Баталов: «Сапа мен қауіпсіздік әрқашан бірінші орында тұруы тиіс»

А. Баталов: «Сапа мен қауіпсіздік әрқашан бірінші орында тұруы тиіс»Алматы-Талдықорған автокөлік жолы учаскесінде жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарының сапасы, мерзімі, қауіпсіздігі мәселелері бүгін облыс әкімі Амандық Баталовтың мердігер компаниялардың өкілдерімен  өткізген жиынында сөз болды. Аталмыш учаскенің «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы бойынша «Алматы — Өскемен» республикалық маңыздағы автокөлік жолын жаңғырту шеңберінде жүргізіліп жатқанын айта кету керек.

Жиын барысында «Алматы КазАвтоЖол» АҚ Алматы облыстық филиалының басшысы Батыр Дадамурзаев баяндама жасады. Б. Дадамурзаевтың айтуынша, автокөлік жолының жаңғырту жұмыстарына 7 отандық мердігер ұйым, 1362 бірлік жол-құрылыс техникалары және  3 мың адам тартылған.  Биылғы жылы автокөлік жолының 115 шақырымын іске қосу жоспарланған, оның ішінде 62 шақырымы цемент бетонды жабынды, 53 шақырымы асфальтты бетон. Осы орайда  13 қарашада Сарыөзек–Сарыбұлақ жол учаскесін, ал 1 желтоқсанға қарай жолдың Алғабас – Балпық би бөлігін пайдалануға беру жоспарланып отырғанын айта кету керек.

Сонымен қатар Б. Дадамурзаев өз баяндамасында жөнделіп біткен және әлі жөндеу жүргізіліп жатқан жол учаскелерін қыс мерзімінде күтіп-ұстау мәселесіне де тоқталды.

Бірқатар өзекті мәселелерді талқылап, жиынды қорытындылаған облыс әкімі Амандық Баталов барлық жөндеу жұмыстары облыс басшылығының қатаң назарында екенін атап өтті. Бұл орайда өңір басшысы алдағы қыс мерзіміне дайындық және қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесіне ерекше назар аударды. Жиын барысында жұмыстары сынға алынған «ДС Нойбург» ЖШС, «Прогресс» корпорациясы» және «СК Құлагер» сияқты мердігер компаниялардың өкілдеріне  жұмыстың сапасы мен мерзіміне қатысты барлық ескертпелерді ескеріп, кемшіліктерді жоюды тапсырды.

— Сапалы жолмен қамтамасыз ету үшін барлық істі өз мерзімінде жауапкершілікпен атқару керек. Өйткені жол қауіпсіздігі деген ең алдымен оның сапасына тікелей байланысты. Сондықтан жолдың сапасы мен қауіпсіздігі ең бірінші орында тұруы тиіс. Бұл талап мерзімін сақтауға да қатысты, өйткені қыс таяп қалды, — дей келе облыс әкімі А.Баталов жұмысты Талдықорғанның маңындағы айналма жолдың құрылысынан бастауды тапсырды.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here