Домой Жаңалықтар Қоғам Елордалықтар коммуналды қызметтердің жедел жұмысына риза

Елордалықтар коммуналды қызметтердің жедел жұмысына риза

Елордалықтар коммуналды қызметтердің жедел жұмысына риза
Елордалықтар коммуналды қызметтердің жедел жұмысына риза
коммуналды

Астанада қар жауа бастаса болды, қала аумағынан жедел түрде қарды тазалау мақсатында күн демей, түн демей коммуналды қызметкерлер  тынымсыз жұмыс жасап жүргеніне куәгерміз. Түскен жауын шашынның көлеміне қарай, қала аумағында 1530 — 1955  жұмысшы мен 520- 800 мамандандырылған техника қар тазалау жұмыстарына тартылып отырады.

Жұмысшылар мен бөлінген мамандандырылған техника көлемі автожолдардың көлеміне қарай өзгертіледі. Атап айтқанда, Кенесары, Керей-Жәнібек хандар, С. Сейфуллин және Республика даңғылы секілді үлкен көшелерді қардан тазалау жұмыстарына ең көп көлемде жұмысшы мен коммуналдық көлік тартылған.

Бүгінгі таңда мердігер мекемелердің күшімен қала аумағынан ондаған мың текше метрден астам қар шығарылды, сонымен қатар, мыңнан астам құм-тұз қоспасы жолдарға себілген.

Астана қаласы Коммуналдық шаруашылық басқармасы көлік жүргізушілерін жолда мұқият болуға, қар тазалау техникаларына кедергі келтірмеуге, көліктерді жол бойында қалдырмауға шақырады.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here