Домой Жаңалықтар Қоғам Алматы облысының әкімі АҚШ-тың Бас консулымен кездесті

Алматы облысының әкімі АҚШ-тың Бас консулымен кездесті

Алматы облысының әкімі АҚШ-тың Бас консулымен кездесті

Алматы облысының әкімі АҚШ-тың Бас консулымен кездесті Бүгін Талдықорған қаласында Алматы облысының әкімі Амандық Баталов АҚШ-тың Бас консулы Марк Мудиді қабылдады, деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Кездесуде облыс басшысы А. Баталов өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, табиғи-климаттық жағдайы мен өлке тарихы туралы баяндады.

Өз кезегінде Бас консул ынтымақтастықтың жаңа мүмкіндіктеріне жол ашатын осындай кездесу ұйымдастырғаны үшін облыс басшылығына алғысын айтты. Жиында мәдени байланыстардың түрлі бағыттары сөз болып, білім, ауыл шаруашылығы және бизнес салалары бойынша тәжірибе алмасу жайы талқыланды.Алматы облысының әкімі АҚШ-тың Бас консулымен кездесті
Кездесу алдында АҚШ-тың Бас консулы І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің студенттерімен және профессорлық-оқытушылық құрамымен кездескенін айта кету керек.

Басқосуда АҚШ университеттерімен ынтымақтастық және студенттер алмасу бағдарламасы жайлы кеңінен әңгімеленді.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here