Домой Жаңалықтар Мәдениет «28 панфиловшылар» фильмінің бейнекадрлары интернетке шықты

«28 панфиловшылар» фильмінің бейнекадрлары интернетке шықты

«28 панфиловшылар» фильмінің бейнекадрлары интернетке шықты
«28 панфиловшылар» фильмінің бейнекадрлары интернетке шықты
бейнекадрлары

Әлеуметтік желілерде «28 панфиловшылар» туралы кинокартинаның бейнекадрлары интернетте жарияланды.

«28 панфиловшылар» Андрей Шальопаның көркем фильмі. Фильм түсірілімі «Ленфильм» киностудиясының павильонында 2013 жылдың 4 қазанында басталған болатын. Кейбір эпизодтары Алматыда түсірілді. Кино 2016 жылдың басында прокатқа шығады деп жоспарланған.

Фильмдегі оқиға желісінде 1941 жылғы қараша айында болған оқиға баяндалады. Естеріңізге салсақ, Панфиловшылар — генерал Панфиловтің қолбасшылығымен 1941 жылы Мәскеуді қорғауға қатысқан Алматыда құрылған 316 атқыштар дивизиясының жауынгерлері. 28 батыр төрт сағат бойы жаумен ерлікпен шайқасып, фашистердің 18 танкісін жойды. Олардың барлығына да Кеңес Одағының Батыры атағы берілген болатын.

«28 панфиловшы» фильмінің басты ролдерін Ресей, Украина және Қазақстан актерлері сомдайды. Қазақстандық жауынгердің ролінде — актер Азамат Нығманов. Ол 2013 жылы Алматыда өткен «Еуразия» кинофестивалінде «Үздік актер» сыйлығын иеленген. Сонымен қатар, картинаға қырғызстандық актер Азиз Бейшеналиев те түседі. Айта кетейік, қырғыз актері қазақстандық режиссер Ақан Сатаевтың «Ликвидатор» фильміндегі ролі арқылы танымал.

baq.kz

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here