Алматыдағы Медеу ауданында Абай атындағы дарынды балаларға арналған республикалық мектеп-интернатта Абай Құнанбаевтың ескерткішінің ашылу салтанаты өтті.
Ескерткіш алматылық кәсіпкер Банщиков Вячеславтың қаражатына салынды. Ақынның 170 жылдығына арнайы жасатылған ескерткіштің ашылу салтанатында ұлы ақын туралы сөздер айтылды. Ескерткіштің биіктігі — 4,5 метр.
«Ұлы Абай әр кірпіш өзінің орнын табуы керек деп айтқан. Мен өз кірпішімнің орнын таптым, ол адамдарға көмек көрсету», — деді Вячеслав Банщиков.