Домой Жаңалықтар Мәдениет «Жұлдыз FM» бір жылдығына орай ерекше радиомарафон өткізеді

«Жұлдыз FM» бір жылдығына орай ерекше радиомарафон өткізеді

«Жұлдыз FM» бір жылдығына орай ерекше радиомарафон өткізеді
«Жұлдыз FM» бір жылдығына орай ерекше радиомарафон өткізеді
радиомарафон

«Жұлдыз FM» радиостанциясының бір жылдығына орай 20 қарашада ерекше радиомарафон өтеді.

Радиостанция жүргізушілері таңның атысынан кештің батысына дейін тікелей эфирде нон-стоп режимінде өз тыңдармандарына қуаныш сыйлайды. «Жұлдыз FM» радиостанциясының ерекше форматы радионың туған күніне орайластырылып отыр. Осыдан тура бір жыл бұрын, 20 қарашада, радиотолқынның таралымына ресми старт берілді.

Туған күнге орай, тыңдармандарды бірқатар тосын сый күтіп тұр. Олардың арасында — әншілердің тікелей эфирде жанды дауыста ән салуы бар. Оларға арнайы шақыртылған live-бенд музыканттары көмектеседі. Жанды дауыста Ғалымжан Молданазар мен «МузАрт» тобы ән салады деп жоспарланған.

Қазіргі таңда «Жұлдыз FM» радиосында еліміздің өзге радиотолқындарында жоқ, тың бағдарламалар жетерлік. Олардың бірі қазақ эстрадасының тек сапалы әуенін таңдайтын «Жұлдыз TOP» ән шеруі. Сонымен қатар, түркітілдес халықтардың белгілі әншілері сынға түсетін «Жұлдыз TOP International» тыңдармандардың сүйіп тыңдайтын бағдарламасына айналып үлгерді.

«Жұлдыз FM» тыңдармандарға қазақша сапалы контент ұсынуды, жастардың биік құндылықтарын қалыптастыруды және олардың қомақты ақпарат ағыны арасынан дұрыс бағытты таңдауына көмектесуді көздейді. Жастар радио эфирінен өмірдегі, музыка мен мәдениеттегі ең маңызды, қызықты, қажетті дүниелерді таба алады.

baq.kz

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here