Домой Жаңалықтар Мәдениет Астанада Мәлік Ғабдуллинның 100 жылдығы аталып өтті

Астанада Мәлік Ғабдуллинның 100 жылдығы аталып өтті

Астанада Мәлік Ғабдуллинның 100 жылдығы аталып өтті

Астанада Мәлік Ғабдуллинның 100 жылдығы аталып өтті Бүгін Астанадағы Ұлттық музейде Кеңес Одағының Батыры, Қазақстан ғылымына еңбегі сіңген қайраткер, Ш.Уәлиханов атындағы сыйлықтың лауреаты Мәлік Ғабдуллиннің 100 жылдығына арналған іс-шара өтті. Мерейтойлық шара аясында ғылыми-практикалық конференция ұйымдастырылып, жұртшылыққа кітап көрмесі ұсынылды.

Конференцияда сөз сөйлеген Ғабдуллинтанушы ғалым Серік Негимов рухани дүниеміздің ең шұрайлы саласы – эпос тарауын жетер жеріне жеткізген, жан-жақты зерттеушілердің бірі болған көрнекті әдебиетшінің өмірі жайлы айта келіп , сөзін былай деп сабақтады:

«Оқымысты-педагог Мәлік Ғабдуллиннің «Қазақ халқының ауыз әдебиеті» атты оқулығы ұлттық фольклортану тарихындағы бірегей үлгілі, үздік озық құбылыс. Қазақстанның жоғары дәрежелі оқу орындарының филология, журналистика факультеттерінің студенттеріне арналған атаулы да айтулы оқу құралы «халықтың ауызша шығарған көркем шығармасы, даналық сөзі, ауыз әдебиеті», Қазақ елінің сандаған ғасырлық рухани-мәдени өмірінің көркемдік энциклопедиясы ретінде үздіксіз қолданылып келеді. Ұлтымыздың тарихи дүниетанымы, ой-санасы, сөз сарасы, көркемдік-философиялық тәжірибесі, ғұрып-салт жүйесі, елдік пен ерлік рухы айрықша көрініс тапқанын, барынша терең танытқанын, ұғынықты, тиянақты, мұнтаздай байыпты түсіндіргенін айта кету керек».

Мәлік Ғабдуллин — Ұлы Отан соғысында көрсеткен аса жоғары жауынгерлік ерліктері үшін Кеңес Одағының батыры атағына ие болған. Ол қазақ әдебиетінде алғашқылардың бірі болып соғыс жанрындағы шығармалар жазды. Оның «Менің майдандас достарым», «Алтын жұлдыз», «Майдан очерктері», «Сұрапыл жылдар» атты кітаптарында енген әңгіме, очерктері майдан өмірі, жауынгер тұлғасы шебер суреттеліп, оқырман сүйіспеншілігіне бөленген.

baq.kz

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here