Қазақстандық режиссер Әділхан Ержановтың «Алиюшка» жобасы Францияның ұлттық кинематография орталығының грантын ұтып алды. 10 мың еуроға тең грант осы елдің Амьен қаласында өтіп жатқан халықаралық кинофестиваль аясында берілді деп хабарлайды baq.kz.
Режиссердің айтуынша, ол қазір аяқталуға жақын «Чума в ауле Каратас» фильмімен жұмыс істеуде. Осы жобаны бітірген соң «Алиюшка» фильмінің түсіріліміне кіріспек.
«Алиюшка» алдымен үздік 15 жұмыстың қатарына енген болатын. Сондай-ақ режиссердің бұл жобасы «Еуразия» кинофестивалінде де көркем фильмдер арасында жеңімпаз атанды.
Туындыда өткен ғасырдың 90-шы жылдарындағы Кеңес үкіметінің құлау кезеңі, қиын-қыстау заманда бұзылған зауытта өмір сүріп жатқан жандардың өмірі көрініс табады. 14 жасар Әлия сол ортадағы оқу-жазудан хабары және нашақорлыққа қарсы тұрған жалғыз адам. Жастардың басым бөлігі Әлияға қарсы шығады. Бірақ оған жас қыздың сағы сынбай, өзі сияқты жаман әдеттен аулақ адамдарды жанына жинайды.