Француз тілі Рио-де-Жанейрода 2016 жылы өткізілетін Олимпиада ойындарында ресми қарым-қатынас құралы болады. Бұл туралы Халықаралық олимпиада комитеті (ХОК) хабарлайды, деп жазды epochtimes.ru.
Ойындардың ресми елшісі камерундық саксофоншы Дибанго болады. Ол жас шағында Францияда өмір сүріп, оқыған екен. Дибангоның айтуынша, терроризмге байланысты Олимпиада кезінде қауіпсіздік шараларын күшейту керек.
Олимпиада қарсаңында француз билігі Бразилиямен барлау ақпаратын алмасып, терроризммен күрестен тәжірибе бөліседі.