АҚШ-та Рубиктің кубигін жинаудан жаңа рекорд жасалды. Бұл туралы The Guardian хабарлайды.
Рубиктің кубигі аталып кеткен жұмбақ конструкцияның құрылысын венгрлік сәулетші, архитектура профессоры Эрно Рубик ойлап тапты. Рубик Будапешт қолданбалы өнер академиясының интерьер дизайны факультетінде өнеркәсіп дизайны мен архитектура пәнінен мұғалім болып жұмыс істеді. Ол математикалық теория ережелер негізін түсіндіргісі келгендіктен, өзінің ойлап тапқан кубигін ең алғаш өз білім бағдарламасына кіргізген.
Мэриленд штатының Кларксвилл қаласында өткен сайыста 14 жасар Лукас Эттер бас қатырғыш кубикті небәрі 4,9 секундта жинады. Бұл осыған дейінгі жасалған рекордтық көрсеткіштен 0,3 секундке тез. Жаңа рекордты Бүкілдүниежүзілік кубик бірлестігі растады.