Кеше Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің Алматы облыстық филиалында өткен брифингіде журналистердің сұрақтарына жауап берген Алматы облыстық туризм басқармасының басшысы Жанар Алчимбаева Алакөл жағалауы мен Талғар, Қарасай аудандарындағы таушаңғысы курорттарында 10 жоба іске асырылып жатқанын айтты.
Ресми статистика бойынша облыста бір уақытта 8887 демалушыларды орналастыру мүмкіндігі бар 254 қызмет көрсету нысаны бар. Олар осы уақыт аралығында 1,1 млрд. теңгенің қызметін көрсеткен. Сондай-ақ туристік нысандарды осы аралықта 111,2 мың адам тамашалаған.