2 желтоқсанда Гонконгте өткен “МАМА-2015” музыкалық премиясында әйгілі оңтүстік кореялық поп-топ “2NE1” қазақтың оюы өрнектелген киім киіп шықты.
“2NE1” тобы 2009 жылы құрылған сеулдік топ. Топтың атауы – “New Evolution of the 21st Century”, яғни “ХХІ ғасырдағы жаңа эволоция” деген сөзден шықса керек. “2NE1” Шығыс Азияда және Жапонияда танымал.
Білетіндердің айтуына сүйінсек, бұл топ оюлы киіммен сахнаға бірінші рет шығып тұрған жоқ.
э