Алматы облысының әкімі Амандық Баталов Қаскелең қаласында тұратын 94 жастағы Ұлы Отан соғысының ардагері Федор Маркиянович Федотовты 1 желтоқсан — Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күніне орай Елбасының атынан құттықтады.
Федор Федотов төрт рет Жеңіс парадына қатысушы. Ең алғаш рет 1945 жылы, одан кейін Жеңістің 40, 50 және 70 жылдығына арналған парадтарға қатысқан. Батырлардың есімі мен ерлігі мәңгі есімізде болмақ!