Домой Жаңалықтар Әлем Биыл Қазақстан ТүркПА-ға төрағалық етеді

Биыл Қазақстан ТүркПА-ға төрағалық етеді

Биыл Қазақстан ТүркПА-ға төрағалық етеді

bc6ac48496f8255de80f8242b7d21472_LТүркітілдес мемлекеттердің Парламенттік Ассамблеясына биыл Қазақстан төрағалық етеді.

Бүгін Әзербайжан елі төрағалықтың кезегін салтанатты түрде табыстады. Бұл атаулы күн түркі елдері үшін тағы бір маңызды жаңалықпен тұспа-тұс келді. Астанада түркі тайпаларының таңбалары қашалып жазылған «Мәңгі тастың» көшірмесі орнатылды. «Мәңгі тас» – осыдан 14 ғасыр бұрын бабаларымыз бір болайық деп анттасып, айрылмасқа серттесіп, таңбаларын қашаған тас.

Түпнұсқа Моңғолияның «Шиватулан» аймағының Өтүкен жерінде тұр. Көшірмесі бүгін Астанада орнатылды. Басқа жерде емес, «Бейбітшілік пен келісім» сарайының қақ төрінен орын алды. Бұл да бекер емес. Өйткені «Мәңгі тас» – түркі тайпаларының бірлігінің белгісі.

Таңбалы тастың биікті екі метр. 60-қа жуық тайпаның таңбалары қашалған. Алайда олардың нақты қай ұлтқа тиесілі екені әзірге белгісіз. Өткеннің сырын ашу мақсатында Қазақстан мен Моңғолияның ғалымдары келер жылы арнайы экспедиция жасақтауды жоспарлап отыр.

Тағы бір маңызды жаңалық. Түркітілдес мемлекеттердің парламенттік ассамблеясына биыл Қазақстан төрағалық етеді. Бүгін бұл мәртебені Әзербайжан елі салтанатты түрде тапсырды. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей бастамасымен дүниеге келген ұйым елдер арасындағы ынтымақтастықты нығайтуды көздейді. Ал ертең Ассамблеяның 6-пленарлық отырысы өтеді.

24.kz

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here