АҚШ Ұлттық киносыншылар кеңесі 2015 жылдың ең үздік кинотуындыларын анықтады.
«Ессіз Макс-4: Ыза жолы» («Безумный Макс — 4: Дорога ярости») жыл фильмі болып таңдалды, деп хабарлайды planet-today.ru.
Ал үздік режиссер марапатын «Марсианин» кинолентасының авторы Ридли Скотт алды.
Мэтт Дэймон «Марсианин» фильміндегі рөлі үшін «Үздік ер әртіс» номинациясын иеленсе, танымал әртіс Бри Ларсон «Комната» фильміндегі рөлі үшін «Үздік әйел әртіс» атағын жеңіп алды.
«Үздік мултьфильм» аталымы бойынша «Головоломка» анимациялық туынды үздік деп танылды.
Сыйлықтарды табыстаудың салтанатты шарасы 2016 жылдың 5 қаңтарында өтеді деп күтілуде.