Францияда шығарылатын Contrex атты минералды судың жарнамасы көптеген YouTube пайдаланушыларының көңілінен шықты.
Әсіресе, ол әйелдер қауымына көбірек ұнаған сыңайлы. Тіпті бейнероликтің атауын минералға бай судың жарнамасы деп емес, «Әйелдерді спортпен шұғылдануға баулудың ең ұтымды жолы» деп көрсеткен.
Бүгінгі таңда YouTube -те жазылған пікірлерге сүйінсек, бұл жарнама ең позитивті жарнамалардың қатарында.