Домой Жаңалықтар Қоғам Еліміздің 4 өңірінде кәсіпкерлерді қолдайтын қор құрылады

Еліміздің 4 өңірінде кәсіпкерлерді қолдайтын қор құрылады

Еліміздің 4 өңірінде кәсіпкерлерді қолдайтын қор құрылады

Еліміздің 4 өңірінде кәсіпкерлерді қолдайтын қор құрыладыЕліміздің 4 өңірінде кәсіпкерлерді қолдайтын қор құрылады. Бұл туралы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов айтты.

Оның айтуынша, республиканың 4 өңірінде кәсіпкерлерді қолдайтын қор құрылады. Соның бірі – Алматы облысы. Қордың үлесінде 600 миллион теңге болады. 300 миллион теңге «Атамекен» тарапынан, тағы 300 миллион теңге облыстық әкімдіктен бөлінеді. Бизнес-жоспары бар кәсіпкерлер жаңа жылдан бастап осы қордан 1 миллион теңгеден жоғары көлемде еш кепілдіксіз несие алуына болады.

Тағы бір жаңалық, Ауыл шаруашылығы министрлігінен 1 миллиард теңге бөлінбек. Ол бірігіп жұмыс істеуге ниет білдірген кооперативтердің қызметін жандандыруға жұмсалады. Жетісу жерінде көкөніс пен картоп өсіретін осындай кооперативтер құрылады. Оларға қоймалар салынып, мұздатқыштар орнатылады.

24.kz

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here