Домой Жаңалықтар Технология Қазақ тіліндегі жаңа мобильді қосымшалардың тұсауы кесілді

Қазақ тіліндегі жаңа мобильді қосымшалардың тұсауы кесілді

Қазақ тіліндегі жаңа мобильді қосымшалардың тұсауы кесілді

Қазақ тіліндегі жаңа мобильді қосымшалардың тұсауы кесілдіМемлекеттік тілді дамыту қоры Астанада екі жаңа мобильді қосымшаның тұсауын кесті.

«Кім білгіш?» ойыны арқылы қазақ тілін үйренумен қатар Ұлттық бірыңғай тестке дайындалуға болады. Қосымшада түрлі тақырыпты қамтитын 2500 сұрақ бар. Оқушылар сауалдарға бір-бірімен жарысып, жауап бере алады. Алдағы уақытта сауалдар санын 10 мыңға дейін жеткізу жоспарланып отыр.
Ал «Менің Қазақстаным» қосымшасында еліміздің ең көрікті жерлерінің суреттері жинақталған. Кез келген адам оның бәрін ұялы телефонына жүктей алады.
Айта кетсек, бұл жобаларды жүзеге асыру үшін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Жібек жолы» бейбітшілік сыйлығына алған қаржысы жаратылды. Сондай-ақ мемлекеттік тілді дамыту қоры «Кім білгіш?» қосымшасы арқылы мектеп оқушыларының арасында жарыс ұйымдастырды. Оның жеңімпаздары да бүгін марапатталды.
«ҰБТ-ға дайындалуға болады. Өте жақсы құрал. Өте ыңғайлы жасалған. Төрт жауабы бар. Тест сияқты келген», — дейді мектеп оқушысы Қуаныш Сансызбаев.
«Бұл жоба өте жоғары деңгейде жасалған. Өте қызықты. Бұл ойында мәдениет, спорт, тарих сынды тақырыптар бар. Елбасыға шексіз алғыс білдіремін. Осындай бастамалар жалғасын табады деген үміттеміз», — деді келесі мектеп оқушысы Гүлжайна Нағашыбек.

24.kz

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here