Домой Жаңалықтар Қоғам Теміржол билеттері енді еліміздің барлық пошта бөлімшелерінде сатылады

Теміржол билеттері енді еліміздің барлық пошта бөлімшелерінде сатылады

Теміржол билеттері енді еліміздің барлық пошта бөлімшелерінде сатылады

Теміржол билеттері енді еліміздің барлық пошта бөлімшелерінде сатыладыТәуелсіздік мерекесі қарсаңында «Қазақстан теміржолы» және «Қазпошта» ұлттық компаниялары пошта бөлімшелерінен теміржол билеттері сатылу жөніндегі бірлескен жобаны іске қосты, деп хабарлайды «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі.

Енді қазақстандықтар еліміз бойынша 800 пошта бөлімшелерінен (оның 500-і ауылдық және аудандық бөлімшелер) қалаған бағытқа билет сатып ала алады. Ең бастысы ауыл тұрғындары үшін қалаға шапқыламай, жақын маңдағы бөлімшеден билет алу мүмкіндігі туды.
Алғаш рет жоба 2015 жылдың мамыр айында Ақтөбе облысы мен Астана бөлімшелерінде тәжірибе ретінде іске қосылған еді. Мамырдан қараша айына дейін 2 мыңнан астам теміржол билеттері сатылып, бұл қызмет жергілікті халық тарабынан оң бағасын алды.
Қазір Қазақстан бойынша 3 мыңнан астам пошта бөлімшелері болса оның 2160-і ауылдық жерлерде орналасқан. Аталмыш қызмет кезең-кезеңмен барлық облыстарды түгелдей қамтитын болады.
Бұл «Қазпоштамен» бірлескен жобаның алғашқысы емес. Жуырда «Тұлпар-Тальго» пойыздарымен пошталық корреспонденцияларды жедел тасымалдау қызметі іске қосылды. Қазірдің өзінде Астана және Алматы-2 вокзалдарында орналасқан «Қазпошта» нүктелерінде салмағы 3 кг дейінгі сәлемдемелер қабылдануда.

baq.kz

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here