Домой Жаңалықтар Қоғам Ерекше жол белгілері

Ерекше жол белгілері

Ерекше жол белгілері

«Естімеген елде көп» демекші, мынандай жол белгілерін Сіздер кездестірмесеңіздерп де, олардың не білдіретінінен хабардар болып жүргендеріңіз абзал!

Мұқият болыңыздар! 88 км бойы түйе белгісіз бір жануарды, ал ол жануар кенгуруды қуып келеді. 89 км басталғанда бұл жарыс аяқталады. Қалжыңды былай қоя тұрсақ, Австралияда кездесетін бұл белгі алдарыңыздан кенеттен шығып қалуы мүмкін жануарларды бейнелейді.

Ерекше жол белгілері

Мына белгіге келгенде, биік өкшені шешіп, ары қарай жалаң аяқ жүру керек. Бәрібір өкшесіз қаласыз.

Ерекше жол белгілері

Танк. Жай ғана танк. Бәрі түсінікті.

Ерекше жол белгілері

Польшаның суретшілеріне шеберлік жетіспейтіні көрінеді. Жолға мас адам шығып қалуы мүмкін деген белгілері көліктің алдында асыр салып билеп жүрген адамның көрінісіне әлдеқайда ұқсайды.

Ерекше жол белгілері

О! Бұл сіз бен біз! Шамасы инстаграмды ақтарып келеміз.

Ерекше жол белгілері

Мына белгіні біздің қаламыздың кейбір жаяу жүргіншілер өтетін жерге орналастыру керек сияқты. Жолды әдейі асықпай өтіп, жүргізушілердің жынын келтіретін адамдар бар ғой? Солар үшін.

Ерекше жол белгілері

Бұл жерде көлігіңізді қалдырып кету үлкен ақымақтық болады.

Ерекше жол белгілері

Қорқатын түгі де жоқ. Бұл үш шеңбер жолды құлағы нашар еститін адамдар өту мүмкіндігін бейнелейді.

Ерекше жол белгілері

Ал мына белгі көзі нашар көретін адамдарды бейнелейді. Не деген креатив!

Ерекше жол белгілері

Лайк басуға болмайды. Қалжын. Бұл белгі бар жерде көлік тоқтатуға болмайды.

Ерекше жол белгілері

Қазақтар тойға кешігіп жатыр дегенде келеді, ия? Алайда бұл заңсыз иммигранттардың шекараны кесіп өтуі мүмкін дегенді бейнелейді. Суреттегі драматизмды айтсаңшы!

Ерекше жол белгілері

65 млн жыл бұрын қырылып қалмаған динозаврлар дәл осы жерде жолдан өтеді.

Ерекше жол белгілері

comode.kz

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here