Домой Жаңалықтар Қоғам Мерекеге орай мемлекеттік наградалар тапсырылды

Мерекеге орай мемлекеттік наградалар тапсырылды

Мерекеге орай мемлекеттік наградалар тапсырылды

dad612ed76c60a183a2072bbbb63c99cБүгін Алматы облысының әкімі Амандық Баталов Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Тәуелсіздік күні қарсаңында өңірдің дамуына елеулі үлес қосқан азаматтарға мемлекеттік наградалар тапсырды. Марапаттар Талдықорғандағы І. Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайында өткен салтанатты жиын барысында ұсынылды.

Салтанатты жиында облыс әкімі А. Баталов жиналғандарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

— Сіздерді еліміздің Ұлттық мерекесі – қасиетті Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын! Тәуелсіз Қазақстан қысқа мерзім ішінде қуатты да гүлденген мемлекет құруда үлкен табыстарға қол жеткізді. Тиімді де бәсекеге қабілетті экономиканың негізі қаланды.

Қазақстанның жетістіктері мен әлемдік деңгейдегі жоғары бағасы – Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың саяси ерік-жігерінің, зор еңбегінің нәтижесі.

Алға қойған міндеттерді орындау үшін біздің әлеуетіміз жеткілікті, мүмкіндігіміз мол. Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығын нақты нәтижелермен, қомақты табыспен қарсы аламыз, — деді өңір басшысы А. Баталов.

Сонымен қатар Амандық Баталов өз сөзінде Президенттің тапсырмаларының орындалу барысына да тоқталып өтті.

Мемлекет басшысының қант қызылшасын, жүгері мен апортты қайта жаңғырту жө­ніндегі тапсырмасы сәтімен іске асырылып келеді.

«100 нақты қадам» Ұлт жос­­пары аясында біз инвес­тиция тартуға баса көңіл бөліп отырмыз. Бұл үшін біз отандық бизнестің жетекші өкілдерімен бірқатар кездесулер өткіздік. Кездесу барысында олар 140 ұсыныс жасап, жалпы сомасы 532 млрд. теңгені құрайтын 75 ин­вест­жоба іске асырыла бастады, нәтижесінде 9 912 жұмыс орны ашылады.

Алдағы уақытта шағын және орта бизнестің бел­сенділігін арттыру және «басты өндірістерді», аг­ро­өнеркәсіптік кешенді одан әрі дамыту арқылы тұр­ғындарды еңбекпен қамтуға баса назар ауда­рамыз, — деп атап көрсетті өңір басшысы.

Құтықтау сөзден соң мемлекеттік және қоғамдық қызметтегі еселі еңбегі, еліміздің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына қосқан үлесі, халықтар достығын нығайтудағы белсенділігі үшін облыстық басқармалардың басшылары, денсаулық сақтау, білім беру, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп пен кәсіпкерлік саласында еңбек етіп жүрген азаматтар, өңірдегі белгілі қоғам қайраткерлері әкімнің қолынан наградалар алды. Оларға, атап айтқанда «Құрмет», «Парасат», III дәрежелі «Еңбек Даңқы» ордендері, «Ерен еңбегі үшін», «Шапағат» медальдары мен Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасы, «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағы және мерекелік медальдар берілді.

Салтанатты жиын соңында мерекелік концерт ұсынылды.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here