Домой Жаңалықтар Мәдениет Таразда «Қазақ хандығының 550 жылдығы» атты 30 метрлік ескерткіш ашылды

Таразда «Қазақ хандығының 550 жылдығы» атты 30 метрлік ескерткіш ашылды

Таразда «Қазақ хандығының 550 жылдығы» атты 30 метрлік ескерткіш ашылды

Таразда «Қазақ хандығының 550 жылдығы» атты 30 метрлік ескерткіш ашылды2015 жыл Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойын мерекелеу жылы болды — бұл 550 жыл бұрын Жайсан шатқалында Жәнібек пен Керей хандар қазақ мемлекеттілігінің негізін қалаған Жамбыл аймағы үшін ғана емес, бүкіл Қазақстан үшін маңызды оқиға болды.

Екі мың жылдық тарихы бар қалаға мыңдаған қонақ, Қазақстанның түкпір-түкпірінен, қиыр және таяу шетелден бірнеше жүздеген әртіс келді.

Қала тұрғындары үшін облыс орталығының барлық концерттік алаңдарында, «Достық» Орталық алаңында, стандиондар мен саябақтарда көркем әрі түрлі мәдени бағдарлама дайындалды. Екі күн бойы көрермендер театрландырылған көріністерді, өнерпаз және атақты әртістердің өнерін, сондай-ақ қазақстандық жұлдыздардың қатысуымен болған гала-концертті тамашалай алды. Әрбір аймақ концерттік бағдарламадан басқа Қазақстан тарихы және өз аймағына арналған видео таныстырылымын ұсынды.

Мерейтойдың негізгі салтанатты шараларының бірі — Тараздың батысындағы кіреберісте «Қазақ хандығының 550 жылдығы» атты 30 метрлік ескерткіштің ашылуы болды.

Тараздың орталығында киіз үй қалашығы, аттракциондар мен халықтық-қолданбалы шығармашылық заттары қойылған көрме ашылды. Киіз үйлерде қонақтар үшін үлкен дастархан жайылды.

Салтанаттар күні Таразда көне қалашықтың археологиялық қазба жұмыстары жүргізіліп отырған бұрынғы Орталық базардың орнында «Көне Тараз» археологиялық паркі ашылды. Оның құрамына мұражай, Достық үйі бар этномәдени орталық, конгресс-холл кірді.

«Көне Тараз» паркі облыстың халықаралық туристік брендіне айналатыны күтілуде. Жобаның аяқталуы 2017 жылға жоспарланған. Бұл нысан «ЭКСПО-2017» Дүниежүзілік көрмесінің қонақтары келетін қалалардың қатарына қосылған.

«Тараз-Арена» спорт сарайында ҚР Президентінің жүлдесі ойнатылған қазақ күресінен «Еуразия Барысы» халықаралық жарысы болып өтті. «Мәңгілік Ел» республикалық ақындар айтысы ауызекі өнердің үздік шеберлерін жинады. «Атшабар» ипподромында Жамбыл облысында да, Қазақстанда да ат полосы бойынша бірінші клубтың ашылуы өтті.

Тараздағы Тұңғыш Президент саябағында «Қазақ әлемі» атты бірегей тарихи-этнографиялық шаралар болып өтті.

Мерейтой аясында Таразда  ҚХР-дың Сиань қаласынан Ұлы Жібек жолының бағдарымен бір жылға жуық жүрген шай керуені экспедициясы ұйымдастырылған.

20151221002236 20151221002244 20151221002248   20151221002300 20151221002304 20151221002308 20151221002312  20151221002324

201512210023362015122100232020151221002332

ҚазАқпарат

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here