1990 жылы 20 желтоқсанда ғаламтор кеңістігіне шығарылған дүние жүзіндегі ең алғашқы сайт Ядролық зерттеу жөнінен еуропалық кеңеске (Conseil Européen pour la Recherche Nucléaire — ЦЕРН) тиесілі болған екен, деп хабарлайды Engadget.
Бастапқыда сайт тек ЦЕРН қызметкерлері үшін ғана қолжетімді болған. Онда ғалым Тим Бернерс-Лидің жасап шығарған World Wide Web (WWW) гипермәтіндік жобасының мәнісі түсіндірілген.
Бұл жоба құжаттарға жасалған гиперсілтемелер арқылы әріптестермен ақпарат алмасуға мүмкіндік берген. Бернерс-Ли WWW жобасын басшылық назарына ұсынып ғана қоймай, URL идентификаторларын, HTTP протоколын және HTML тілін жасап шығарып, осының бәрі дүниежүзілік ғаламтордың негізі болып қаланды.