Белгілі «Ымырт» («Сумерки») фильмінде қансорғыш Джаспердің рөлін сомдаған танымал актер Джексон Рэтбоун «Тоқал» фильмінде Кайл есімді американдық бизнесменге айналды.
Қазақстан мен АҚШ бірігіп түсірген картинаны жасаушылардың айтуынша, фильм үлкен экранға 2016 жылдың көктемінде шығады.
Бұрынырақ түсірілімге есімі құпия Голливуд актері қатысатыны хабарланған. Режиссер Евгений Чельцовтың фильмінде Джексон Рэтбоун Қазақстанда іс жүргізіп жүрген американдық бизнесменді сомдайды.
Қазақстандық тараптан продюсерлеу мен сценарийді жазуға Арманжан Байтасов қатысса, басты рөлдерде Жәнел Мақажан, Ерік Жолжақсынов пен сонымен бір уақытта фильмнің продюсері болған Гауһар Нұртас ойнады.