Домой Жаңалықтар Қоғам Ауылыңда қартың болса, жазып қойған хатпен тең…

Ауылыңда қартың болса, жазып қойған хатпен тең…

Ауылыңда қартың болса, жазып қойған хатпен тең…

Ауылыңда қартың болса, жазып қойған хатпен тең...Бүгін Алматы облысының әкімі Амандық Баталов Жаңа жыл қарсаңында ардагерлермен кездесті. Алматы қаласындағы «Қазақстан» қонақ үйінде өткен дәстүрлі кездесуге облыстағы 140 ардагер қатысты.
— Тәуелсіздіктің тұғырлы, елдігіміздің баянды болуына сіздердей парасатты, зиялы қауымның зор үлесі бар деп білемін. Халқымызда «Ауылыңда қартың болса, жазып қойған хатпен тең» деген даналық сөз бар. Сіздер барда біз әлі талай биіктерді бағындырамыз. Алдағы жылымыз да табысты болсын! – деді облыс әкімі А. Баталов аға буынның алдында сөйлеген құттықтау сөзінде.
Ардагерлерге мықты денсаулық, әулеттеріне бақ-береке тілеген аймақ басшысы Елбасының берген тапсырмаларының өңірде орындалу барысына, жылдың әлеуметтік-экономикалық қорытындыларына тоқталып өтті. Облыс орталығын көркейту шаралары, Талдықорған қаласында жуырда бой көтеретін нысандар туралы да айтты.
Өз кезегінде ардагерлер Мемлекет басшысына, облыс басшылығына көрсетіп келе жатқан қолдаулары үшін ризашылықтарын жеткізіп, жас буын өкілдерін тәрбиелеуге өз үлестерін қоса беретіндіктерін айтты.
Жиын барысында әрбір ардагерге 70 мың теңге көлемінде ақшалай сыйлық беріліп, «Құлансаз» ансамблінің концерттік бағдарламасы ұсынылды. Сонымен қатар еңбек ардагері Марков Анатолий Ивановичке «Алматы облысының Құрметті азаматы» төсбелгісі тағылды.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here