Домой Жаңалықтар Мәдениет Қорытынды — 2015: Жетістіктер мен жеңістер

Қорытынды — 2015: Жетістіктер мен жеңістер

Қорытынды — 2015: Жетістіктер мен жеңістер

Қорытынды жасар уақыт та таяп қалды. Қой жылы қазақстандықтар үшін берекелі жыл болды. Себебі үлкен халықаралық байқаудан жүлделі оралғандар, ел сүйіспеншілігіне ие болғандар жетерлік. Әсіресе спорт пен өнер саласында. 2016 жыл бұдан да көп табыс алып келеді деген сеніммен, биылғы жылдың басты жетістіктеріне шолу жасап өтейік.

Геннадий Головкин

golovkin_vs_macklin_1_20130629_1224393400GGG символымен былтырғы жылы көптеген отандастарымыз өзінің киімдері мен көліктерін әшекейлеген болатын. Бірақ биыл Генаға қазақстандықтардың ілтипаты одан да жоғары. Әрине бір жыл ішінде үш бірдей жеңіс. Жыл басында кәсіпқой бокстан орта салмақтағы WBA (Super), IBO және WBC (Interim) чемпиондық белбеулерінің иегері, жерлесіміз Геннадий Головкин Мартин Мюррейді нокаутпен жеңген болатын. Одан кейін Вилли Монроны алтыншы раундта нокаутқа жіберіп, орта салмақта суперчемпиондық атағын қорғап қалды.  Ал жуырда ғана канадалық Давид Лемьемен өткен жекпе-жекте жеңімпаз атанып, жаңа әлемдік рекорд орнатты. Бұл оның әлемдік бокс тарихына қосқан тағы бір жаңалығы болатын.

Оған қоса,  Геннадий Головкин барлық салмақ дәрежесі (Pound-For-Pound) бойынша 2015 жылдың «Ең үздік боксшысы» атанды.

Илья Ильин

2757348 12.12.2015 Илья Ильин (Казахстан) во время соревнований по тяжелой атлетике среди мужчин в весовой категории до 105 кг на Кубке Президента РФ 2015 в Грозном. Саид Царнаев/РИА Новости

Қазақстандықтардың тағы бір сүйікті спортшысы – Илья Ильин де осы жылы әлемнің екі бірдей рекордын жаңартқан болатын. Ауыр атлетикадан Ресей Федерациясы президентінің Кубогы үшін халықаралық турнирде 2 дүркін Олимпиада чемпионы, әлемнің төрт мәрте чемпионы, қазақстандық Илья Ильин 105 килоға дейінгілер арасында жеңімпаз атанды. Атадан арыстан туған еріміз өзінен осы сайыста зор үміт күтіп отырған жерлестерінің мәртебесін тағы да осылайша көкке жеткізді.

Денис Тен

photo_31192Денис Тен — жекелей дәрежеде конькимен мәнерлеп сырғанаушы, Қазақстан Республикасының еңбегі сіңген спорт шебері. Жыл басында ол Сеулдегі «Төрт құрлық турнирін» жеңіп шығып, ал Шанхайда өткен  әлем чемпионатында қола жүлдені қанжығасына байлаған болатын. Бұнымен спортшы тоқтап қалған жоқ. Жылдың аяғында. Яғни қараша айында Германияда өткен NRW Trophy турнирінде ол екінші орын алса, желтоқсан айының басында Хорватиядағы Golden Spin турнирінің бас жүлдесін иеленді.

Кайрат Ахметов

urn09Әр жеңісінен кейін қазақтың «Қара жорға» биін билейтіндігімен танымал Қайрат Ахметов үшін де бұл жыл өте табысты аяқталды.
Қараша айының соңында One FC лигасындағы дебют жекпе-жегінде «Қазақ» деген лақап атпен танылған Ахметов бұл ұйымның чемпионы бразилиялық Адриано Мораешпен кездесіп. қазылар алқасының шешімімен қазақстандық спортшы жеңімпаз атанған болатын.

Джиу-джитсу бойынша чемпиондар

dyLyOCb6zRM(1)Жыл басында Лиссабонда өткен джиу-джитсу спорт түрінен Еуропаның ашық біріншілігінде қазақ палуаны Қуат Сағиев пен 100 келіден аса салмақта күрескен жерлесіміз Андрей Боргерс ел қоржынына бір-бір алтын медальдан салды.

Қазақстан үшін джиу-джитсу жас спорт, яғни біздің елде енді ғана дамып келеді. Осыдан бес жыл бұрын Астана мен Алматыда ашылған спорттық клубтар енді ғана алғашқы нәтижелерін беріп жатыр десек болады.

Димаш Құдайбергенов

Krudaybergen_pevec-620x370Биыл бұл әнші үшін ең табысты жылдардың бірі болды десек, ағат емес. Димаш Құдайбергенов Қазақстан тәуелсіздік алған 24 жылда «Славян базары-2015» байқауының жеңімпазы атанған алғашқы әнші. Гран-при жүлдесі үшін 20 мың доллар көлемінде ақшалай сыйлыққа ие болды.

Димаш небәрі 21 жаста. Әрине жас таланттың алар биік шыңдары әлі де алда деген үміттеміз.

Әдемі

скачанные файлыСочи қаласында өткен «Жаңа толқын-2015» байқауының қорытындысы бойынша қазақстандық әнші Ademi индонезиялық әнші Millane Fernandez-бен екінші орынды бөліскен болатын. Қазақ елі үшін байқаудың 13 жыл тарихында бұл ең жоғарғы көрсеткіш болатын.

Еске сала кетейік, биыл бұл байқауда Қазақстанның намысын екі қатысушы: әнші Ademi және VoiceKZ тобы қорғады.

Осылайша, Ademi 2,2 млн. рубль мен «Көрермендер көзайымы» сыйлығын иеленді. Әнші Ademi-нің  шын аты жөні Динара Қайырова.

«Орда» тобы

a70f7f9a5eb1a5eda118369e0155a73b«Орда» тобының сахнада жүргеніне 15 жыл болса да биыл алғаш рет «Turkvisyon» байқауына қатысып жүлделі екінші орынға қол жеткізді. Бұл айтарлықтай жеңіс десек те болады.

Түркі әлеміндегі ең ірі музыкалық сайыста өнер көрсетіп, жеңімпаз атану –әркімнің арманы. «Turkvizyon» ән байқауының өтіп жатқанына биыл 3-ші жыл. Алғашқы сында Әзірбайжан әншісі жеңімпаз болса, былтыр бас жүлде Қазақстанға бұйырды. Сол жолы өнерімен көпшілікті тәнті еткен Жанар Дұғалова биыл құрметті қонақ ретінде ән шырқады.

Еркін Тұрсынхан

DSC_629512 жастағы Қарағанды облысының тумасы Еркін Тұрсынхан «Bala Turkvizyon» ұлттық іріктеу кезеңінің ақтық сынында жеңімпаз деп танылған болатын. Әрине одан кейін ол Түркияның Ыстамбұл қаласында өтетін халықаралық байқаудың гранд-финалында ел намысын қорғады.

Осынау әншілер додасында финалистер арасында Тұрсынхан екінші орынды иеленіп, «Түркі әлемінің алтын даусы» арнайы атағын алды.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here