Домой Жаңалықтар Қоғам Нумеролог пен жұлдызшылар мешін жылына болжам жасады

Нумеролог пен жұлдызшылар мешін жылына болжам жасады

Нумеролог пен жұлдызшылар мешін жылына болжам жасады

566a6a3696dc8Танымал нумеролог пен жұлдызшылар алдағы жылға болжам жасады. Шығыс күнтізбесіне сәйкес мешін жылы болмақ. Жануар өз табиғатынан жылдам әрі шапшаң болғандықтан, 2015 жыл қазақстандықтар үшін дәл осы қарқында өтпек. Мерейлі мешін жылы барша жұрт үшін жайлы, ал бизнес бастайтындар үшін табысты жыл болмақ.

Даналықтың нышаны саналатын мерейлі мешін жылы қазақстандықтар үшін өте жайлы болмақ. Өйткені Шығыс күнтізбесіне сәйкес, көптен күткен мақсаттар мен армандардың орындалатын жылы саналады. Сондықтан ойлаған істерді жүзеге асыратын кез келді деп болжайды жұлдызшылар.

«2016 жыл нумерологияда 9 санымен тұспа-тұс келеді. Жалпы математикада да бұл сан ең жоғары болып саналады. Бұл жыл өзі-өзіне есеп беретін, көптен күткен мақсаттар мен орындалмаған армандардың орындалатын жылы. Тек шешім шығарар кезде ойланып жасаған жөн. Ең бастысы логиканы жақсы жұмыс істету керек. Асығыс шешім шығарудан аулақ болсаңыздар, жалпы жыл жемісті болады»,- деді нумеролог Айсұлу Ахимова.

Мешін жылы үш жұлдыз белгісінің, яғни бикеш пен балықтардың және торпақтардың айы оңынан тумақ. Десе де, жалпы мешін жылы барлық жұлдыз белгілері үшін жақсы өтеді. Қаржылық дағдарыс қыспаққа алған шақта, бикеш белгісінің шығынды уақытылы есептейтін қасиетін ескеру керек дейді астрологтар. Ол үшін әрбір берілген сәтті ұтымды пайдаланып, атқарылған істерге күн сайын есеп беріп отырған жөн.

«Бұл жыл барлық салаларда әр түрлі жаңалықтарымен көпшілікті қуантады. Бірақ онымен қоса көңілді түсіретін жағымсыз тұстары да болады. Биыл шығындарды барынша қысқартып, тиімді шарттарды қолданған дұрыс. «7 рет өлшеп, 1 рет кес» деген мақалды ұстанған жөн. Ақшаны жөнімен жұмсап, ретін келтірсе, қаржылық дағдарысты оңай еңсеруге болады»,- деді астролог Станислава Бояркина.

Биылғы жаңа жылды қызыл, сары және қанық жасыл секілді ашық түстерде қарсы алу сәттілікке жол бастамақ. Мешін жылында басты назарды салауатты өмір салтына, яғни денсаулыққа аса мән беру керек деп кеңес береді жұлдызшылар. Ал, мереке күні жақындарыңызға мешіннің суреті салынған символикалық сыйлықтар мен бөлме гүлдерін сыйлауға, ал дастарханға ананас пен банан қосылған тәттілер қойған жөн.

almaty.tv

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here