Жаңа жыл түні елорда перзентханаларында 30 нәресте дүниеге келген. Бұл – түнгі 12:00-ден таңғы 10:00 дейінгі көрсеткіш. Дәрігерлердің айтуынша, барлық ана мен баланың денсаулығы өте жақсы.
Естеріңізге сала кетсек, осыдан тура бір жыл бұрын, 31 желтоқсан мен 1 қаңтар аралығында 68 бүлдіршін жарық дүние есігін ашқан болатын.
Ербол Әубәкіров, №1 Перинаталдық орталықтың меңгерушісі:
— Қалада қазір үш перинаталдық орталық жұмыс істеп жатыр. Соның ішінде бірінші қалалық перинеталдық орталықта 18 ана босанды. Оның ішінде 10 ұл бала, 8-і қыз бала.