Астанада ең үлкен сырғанақ жасау жұмысы жүргізіліп жатыр. Бұл туралы Фейсбуктегі «Астана. Не? Қайда? Қашан?» тобында Александр Гончаренко мәлімдеді.
Ол аталған топта MEGA ойын-сауық орталығы ауданында салынып жатқан сырғанақтың суреттерін жариялады.
«Елордамызда Қазақстандағы ең үлкен сырғанақтың құрылысы басталып кетті. Оның биіктігі 8 метрді құрайды, ал ұзындығы шамамен 40 метр болмақ. Мұз үстімен бұл сырғанақта шамамен 150 метрге дейін сырғанауға болады», — деп жазады Александр Гончаренко.