Менделеев периодтық кестесіне ресми түрде төрт жаңа химиялық элемент қосылды. 113, 115, 117 және 118 атом нөмірлері бар элементтерді Халықаралық теориялық және қолданбалы химия одағы (IUPAC) растады.
115, 117 және 118-ші элементті Мәскеу облысына қарасты Дубнадағы Ядролық зерттеулер бірлескен институтының, Калифорниядағы Ливермор ұлттық зертханасының және Теннесссидегі Окридж ұлттық зертханасының ғалымдары ашты.
113-ші элементті ашты деген ресми атақ жапондық Жаратылыстану ғылымдары институтының ғалымдарына бұйырды (RIKEN). Осыған орай бұл элементке японий деген атау берілді. Қалған үш элементтің атауын қою құқығы оның негізін қалаушыларға тапсырылады және ол үшін бес ай беріліп отыр. Соңынан оны IUPAC кеңесі ресми түрде бекітетін болады.
Төрт элемент те жасанды түрде синтезделген. Табиғатта, әдетте, амотдық нөмірі бар элементтердің саны 92-ден аспайды (уран). Протондар саны 93-тен 100-ге дейін жететін элементтерді реакторларда алуға болады. 100-ден жоғарылар бөлшектерді жылдамдату күшімен алынады.
Соңғы рет периодтық кесте 2011 жылы кеңейген болатын. Ол кезде 114-ші және 116-шы элементтер қосылды. Оларға флеровий мен ливерморий деген атаулар берілді.