Домой Жаңалықтар Спорт 2016 жылы өтетін олимпиадалар, жарыстар, чемпионаттар

2016 жылы өтетін олимпиадалар, жарыстар, чемпионаттар

2016 жылы өтетін олимпиадалар, жарыстар, чемпионаттар

430EE3FA-4262-4362-A5C1-C640BA8ED506_w640_r1_s_cx0_cy6_cw02016 жыл олимпиадалар, жарыстар мен чемпионаттарға толы болмақ. Төрт жылда бір келетін басты жарыс 5-21 тамыз аралығында Рио-де-Жанейрода (Бразилия) өтеді. Қазақстан бұл жарысқа жүзге жуық спортшы апаруды жоспарлап отыр. Қазір елде 41 жолдама бар. 7-18 қыркүйекте осы қалада паралимпиада ойындары өтеді.

2-13 ақпанда Сербияда футзалдан Еуропа чемпионаты өтіп, бұл сынға Қазақстан құрамасы алғаш рет қатысады. Қазақстанның топтағы қарсыластары Ресей мен Хорватия болмақ.

12-21 ақпанда Лиллехамерде (Норвегия) жасөспірімдердің қысқы олимпиадасы болады. Бұл жарысқа мәнерлеп сырғанаушы Элизабет Тұрсынбаева мен конькиден жасөспірімдер арасындағы әлем кубогы кезеңдерінің жүлдегері Станислав Палкин қатысады.

Қыркүйектің 24-і мен қазанның 3-і аралығында Данангта (Вьетнам) жағажайдағы Азия ойындары өтеді. (Қазақстан 2014 жылы Пхукетте (Таиланд) өткен жағажайдағы Азия ойындарында 8 алтын, 9 күміс, 10 қоламен жалпы есепте алтыншы орын алған).

АЗИЯ ЧЕМПИОНАТТАРЫ

26-30 қаңтарда Жапонияда өтетін велоспорттан Азия чемпионатында Рио-де-Жанейро олимпиадасына жолдама таратылады. Бұл сынға Қазақстан әйелдер құрамасы толық құрамда қатысып, олимпиада лицензиясына таласады.

Ақпанның 17-cі мен 21-і аралығында Таиландта күрестен Азия чемпионаты өтеді. Ал 18-20 наурызда Астанада өтетін азиялық олимпиадаға іріктеу турнирінде Рио жолдамасы таратылады.

13-18 сәуірде семсерлесуден Уси қаласында (Қытай) Азия біріншілігі өтіп, олимпиада жолдамасы сарапқа салынады.

19-20 сәуірде Манилада (Филиппин) Азия құрлығының таэквондошылар олимпиада жолдамасы таратылатын жарысқа қатысады. Бұл жарысқа Қазақстан толық құрамда қатысады.

25-30 сәуірде Ташкентте (Өзбекстан) ауыр атлетикадан Азия чемпионаты ұйымдастырылады.

Қазақстан құрамасы мамырдың 28-і менмаусымның 1-і аралығында Жапонияда өтетін триатлоннан құрлық біріншілігінде де олимпиада жолдамасын алуға тырысады.

ӘЛЕМДІК ЖАРЫСТАР

16-21 ақпанда Тайпейде мәнерлеп сырғанаудан Америка, Азия, Австралия және Африка спортшылары қатысатын «Төрт құрлық чемпионаты» ұйымдастырылады. 2015 жылы бұл жарыстың ерлер арасындағы сынында қазақстандық алтын алған Денис Тен биыл да осы жарысқа қатысады. Ол наурыздың 28-і мен сәуірдің 3-і аралығында Бостонда (АҚШ) өтетін әлем чемпионатына да барады.

11-15 наурызда Сеулде (Оңтүстік Корея) шорт-тректен әлем біріншілігі ұйымдастырылады. Бұл жарысқа Қазақстан төрт ер, екі әйел спортшы апару құқығына ие.

Шайбалы хоккейден Қазақстан ерлер құрамасы 6-22 мамырда Ресейде өтетін әлем чемпионатына барады. Қазақстан топтық кезеңде Ресей, Швеция, Чехия, Швейцария, Латвия, Норвегия, Даниямен ойнайды.

19-27 мамырда Астанада бокстан әйелдер арасындағы әлем біріншілігінде спортшылар Рио-де-Жанейро олимпиадасының лицензиясына таласады.

22-29 мамырда Мәскеудегі қазіргі бессайыс бойынша өтетін әлем чемпионатында да Рио олимпиадасының жолдамасы таратылады.

azattyq.org

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here