Қазақстандық облыс орталықтарында әуежайлардың инфрақұрылымын дамытуға қытайлық «China Railway Airport Construction Group Co. Ltd.» компаниясы «Нұрлы жол» және «Жібек жолының экономикалық белдеуі» бағдарламаларын қосу аясында қызығушылық танытып отыр.
Бұл туралы ҚР-ның Қытайдағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Шахрат Нұрышевпен кездесу барысында аталған компанияның халықаралық жобалар департаментінің басшысы Сю Дуншэн (Xiu Dongshen) мәлімдеді.
Ш.Нұрышев сондай-ақ «Guangdong Tiantu Investment Co.Ltd» басқармасының төрағасы У Цзэю және «China Overseas Petroleum Group Co. Ltd.» басқармасының төрағасы Вэй Датяньмен кездесулер өткізді.
Тараптар ҚР-да іске асырылып отырған жобалардың жағдайы мен инвестициялық, өнеркәсіптік, логистикалық, инфрақұрылымдық және мұнай-химиялық салаларда ынтымақтасу болашағын талқылады.